419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 93 ірі кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын көтерді

  • 609
  • UPD: 15:09, 11.12.2019
Ақмола облысында 93 ірі кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын көтерді

Ақмола облысында ірілі-ұсақты 9500-ден астам кәсіпорын биыл өз жұмысшыларының жалақысын көтерген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішіндегі 93 өндіріс ошағы, құрамында мыңдаған адам еңбек ететін ірі нысандар бар. Ал, еңбек ақысына үстеме қосылғандар, негізінен төмен жалақы алатын жұмысшылар. Осылайша, биыл аймақта 150 мыңнан астам еңбекшінің айлығы көтерілген. Жалпы өңірде бас-аяғы 14 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйым бар. «Қалғандарымен де қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр», - дейді еңбек инспекторлары. Ал, ең бастысы, жұмысшыларына 500 млн теңгеден астам қаржы берешек болып келген бірнеше кәсіпорын, қарыздарынан құтылған.

Берік Мұстафин, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

- Қазіргі күні бізде бір 5 кәсіпорын қалып отыр. Оларда 81 қызметкер жұмыс істеп жүр. 11 млн теңгеден астам қарыз қалып отыр. Қазір біз мына 16 желтоқсанның алдында сол жұмысты істеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы