375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алушылар артып келеді

  • 157
  • UPD: 09:32, 15.12.2019
Павлодар облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алушылар артып келеді

Павлодарда «7-20-25» бағдарламасына қызығушылық артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жуырда осы орайда көп қабатты тұрғын үйден жаңа баспаналар  үлестірілді. Мемлекеттен бөлінген субсидияның арқасында пәтердің бір шаршы метрі 140 мың теңгені құраған. Келесі жылы жергілікті билік тағы да  көп қабатты тұрғын үйді осы бағдарлама арқылы тапсыруды көздеп отыр. Жалпы, Павлодар облысында жеңілдетілген несиеге берілетін үйлердің санын арттыру жоспары тұр. Баспана кезегінде тұрғандарға  бірнеше бағдарлама ұсынылады. Пәтер алушылар тиімділігіне қарай өздері таңдау жасайды. Бұл ретте, «Нұрлы жер» бағдарламасына да сұраныс жоғары болып тұр.

Рүстем Райысов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

– Несиеге берілетін тұрғын үйлерге алдымыздағы жылы 6,5 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Бүгін тапсырылған үй де соған  кіреді. Алдағы екі жыл ішінде біз мемлеттен қарызға алынған шамамен 10 миллиард теңгені қайтаруымыз керек. Қазір қолымызда үй салуға алынған 16 миллирад теңге бар. Қаржыға  жаңа үйлердің қабырғасын қалаймыз

Рауан Баяш, өңірлік  ипотекалық ұйымның директоры:

– Павлодар қаласы әкімдігімен пәтер құнының 10 пайызын құрайтын  сертификаттар бөлінді. Ол бастапқы 20 процент жарнаны құюға шамамасы келмейтіндер үшін жергілікті билік тарапынан көрсетіліп жатқан көмек.

Хабар 24 телеарнасы