419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы 22 үлескерлік нысан қолданысқа беріледі

  • 482
  • UPD: 13:47, 18.12.2019
Нұр-Сұлтанда 2020 жылы 22 үлескерлік нысан қолданысқа беріледі тенгриньюс

Елордадағы «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешеніндегі 6 блоктың 1 блогы бұзылды.

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

«620 үлескері бар «Алтын шар 1, 2, 3»  тұрғын үй кешенінің құрылысын «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аяқтау жоспарлануда. «Шығыс» тұрғын үй кешенінде сегіз тұрғын үй тобы бар. Үш топ бойынша құрылыс жүріп жатыр, екі топ бойынша жобалық-іздестіру жұмыстары және ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған топтар бойынша қаржыландыру кредиттік қаражаттың қайтарымдылық шарттарын айқындайтын қаржы моделін анықтағаннан және инвестордың банк кепілдігін бергеннен кейін басталады», - деді А.Көлгінов.

Ал елордадағы «Жағалау» тұрғын үй кешенінде 3 полигонында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 4 полигон бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыруды бастау үшін инвестордың банктік кепілдігін ұсыну күтілуде.

Қала әкімінің айтуынша, 2019 жылы үлестік құрылыстың аяқталмаған объектілерінің саны 52-ден 42-ге дейін (14 509-дан 11 975 үлескерге дейін) азаяды. Бұл 10 тұрғын үй кешені, 2,5 мың үлескер.

Қалған тұрғын үй кешендері 4 жыл ішінде қолданысқа беріледі. 2020 жылы 22 нысан,  2021 жылы 7 нысан, 2022 жылы 9 нысан, 2023 жылы 4 нысан берілмек.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы