420,22 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жаңажылдық безендіру жұмыстары басталды

  • 863
  • UPD: 12:37, 19.12.2019
Ақтөбеде жаңажылдық безендіру жұмыстары басталды

Ақтөбеде жаңажылдық безендіру жұмыстары басталып кетті. Қаладағы саябақтар мен қоғамдық орындарда мерекенің басты нышаны – шырша орнатылып жатыр.

Ал ең биігі әдеттегідей облыс орталығындағы Абай даңғылына қойылады. 30 метрлік бас шыршаға 500-ден астам ойыншық ілінбек. Көпшілікке арналған іс-шара өтетін тұңғыш Президент атындағы саябақ, стадион алдындағы алаң да жабдықталуда. Жалпы қаланы жылдың басты мерекесіне сай безендіру үшін биыл да бюджеттен 100 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде, қар және мұздан ондаған шағын сәулет нысандары жасалып, көшелер, көпірлер, тұрғын үйлердің, ғимараттардың қасбеттері, кәсіпкерлік нысандар түрлі-түсті шамдармен қамтылады. Ал сауда орындары мен ойын-сауық орталықтары және дәмханаларды безендіру кәсіпорындар мен ұйымдарға тапсырылған.

Хасан Юсупов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- 2015-2016 жылдары бізде 150 млн теңге көлемінде бөлінген қаржы. Қазір мына қаржыны үнемдеу барысында алдыңғы жылдары қолданған кіші пішінді архитектуралық пішіндерді қайтадан құрастырып соны пайдаланғандықтан қаражат үнемделіп отыр. Жасанды шыршалар қала бойынша қойылады.

Хабар 24 телеарнасы