376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құқықбұзушылықтың санатына қарай жәбірленушілерге өтемақы төленеді

  • 321
  • UPD: 11:53, 20.12.2019
Құқықбұзушылықтың санатына қарай жәбірленушілерге өтемақы төленеді

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жәбірленушілерге өтемақы төленеді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мемлекеттік өтемақылар – қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың қолданыстағы тиімді тетігі болып табылады.

2018 жылы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңның қабылдануымен елімізде қылмыстардан материалдық зардап шеккен, алайда қылмыстың ашылмауы немесе қылмыскердің соттан жасырынуы себепті өтемақыны өндіріп алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға шұғыл қажетті көмек көрсетуге арналған институт құрылды.

Жәбірленушілерге қордан өтемақы төлеу өндіріп алышуға қатысты жасалған құқық бұзушылықтың санатына қарай 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін бір реттік төлем түрінде 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап іске асырылады.

Адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап 3 жылдың ішінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын, өзіне қатысты өтемақы тағайындауға құзыретті мемлекеттік органға өтінішпен жүгінуге құқылы.

Өтемақы сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға, қылмыстардың нәтижесінде денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарға, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңның 6-бабында көзделген Қылмыстық кодекстің баптары бойынша жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленуші құқықтары берілген адамдарға тағайындалады.

Хабар 24 телеарнасы