447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Дубайдағы EXPO көрмесіне 9 миллиард теңге жұмсайды

  • 443
  • UPD: 15:02, 23.12.2019
Қазақстан Дубайдағы EXPO көрмесіне 9 миллиард теңге жұмсайды

Қазақстан 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO көрмесіне қанша ақша жұмсайтынын сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтып берді, деп хабарлады Tengrinews.kz

«Павильонды дайындау жұмыстары жүргізілді, оған былтыр бюджеттен шамамен 9 миллиард теңге бөлінді. Павильон бөлшектеліп, Қазақстанға осы қаражаттың есебінен әкелінеді, кейін өңірлерде немесе астанада әрі қарай өз рөлін атқара береді», – деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінде Қазақстанға ең үлкен орындардың бірі берілгені белгілі болған еді. Оның ауданы 3 420 шаршы метр. EXPO-2020 – Дубайда (БАӘ) өтетін халықаралық көрме. Ауқымды іс-шара  келер жылдың 20 қазанында басталып, 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы