431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 196 шетелдік ел аумағынан шығарылды

  • 358
  • UPD: 08:49, 24.12.2019
Ақтөбеде 196 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Ақтөбе облысында жұмыс істейтін шетел үлесі бар 50 кәсіпорыннан биыл 100-ге жуық заң бұзушылық анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басым бөлігі еңбек қатынастарына қатысты болса, қалғаны қауіпсіздікті сақтау, жұмыспен қамту мәселелері. Аталмыш мекеме-ұйым қызметкерлерінің шағымы негізінде тексеру жүргізген еңбек инспекторлары, кемшіліктерге жол берген кәсіпорын басшылығына қатысты 15 әкімшілік айыппұл салған. Оның жалпы көлемі – 3,7 млн теңге. Ал жыл басынан бері Ақтөбе қаласы бойынша 32 мыңнан аса шетелдік уақытша тіркеліп, оның 10 мың 686-сына еңбек етуге рұқсат берілген. Басым бөлігі – Ресей және Өзбекстан азаматтары.

Дәуренбек Ізтілеуов, қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы:

– Қазақстан Республикасының көші-қон заңдарын бұзғаны үшін 527 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 196-сы сот қаулысының күшімен ел аумағынан шығарылған болатын. Сонымен қатар шетелдіктердің заңсыз еңбек күшін пайдаланғаны үшін 27 Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы