421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда сот актілерін орындау бөлімі басшысының м.а. сотталды

  • 723
Алматыда сот актілерін орындау бөлімі басшысының м.а. сотталды

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп аумақтық сот актілерін орындау бөлімі басшысының м.а. А.Н.Әділов жемқорлық қылмысын жасағанын әшкереледі.

Ол ЖШС директорынан мүлкіне тыйым салу шараларын қолданбағаны және сот актісін орындамау фактісі бойынша материалдарды ішкі істер органдарына жібермегені үшін 2 млн.теңге көлемінде пара алған. Биыл 23 желтоқсанда Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 сотының үкімімен А.Н.Әділов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай 15 күн бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы