426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азаматтық пікірі бар жастарды қолдау керек – сарапшы

  • 575
  • UPD: 17:23, 24.12.2019
Азаматтық пікірі бар жастарды қолдау керек – сарапшы

Қоғамның билікке деген сенімін арттыру үшін диалогтан қашпау керек.

Бұл заң ғылымдарының докторы, профессор Айсана Сманның пікірі. Оның айтуынша, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы мүддеде жұмыс істейді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеумет әлеуетін арттырудағы жұмысын қолдап қана қоймай, қол ұшын беру керек», дейді ол. Заң маманы қылмыстық кодекстің 174 және 130-баптарын қайта қарап, жеңілдету жайындағы ұсынысты ерекше қабылдаған. Сондай-ақ ол азаматтық позициясы бар жастар мен әйелдердің пікірін тыңдаудың маңыздылығына тоқталды.

Айсана Сман, заң ғылымдарының докторы, профессор:

- Президентті қолдай отырып, Президентпен бірге жұмыс істеуіміз керек. Егер де біз мемлекетті әлеуметтік мемлекетке айналдырғымыз келсе, ондай әлеуметтік-экономикалық функцияларды шешуге Президентпен бірге жұмыс істеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы