375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАҚ арқылы жала жабу туралы бап әкімшілік кодекске ауыстырылуы мүмкін

  • 179
  • UPD: 22:42, 24.12.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында көтерілген бастамалар қоғамда әлі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық, тілшілер қауымы жала жабу немесе жалған мәлімет тарату жөніндегі қылмыстық жауапкершілікті әкімшілік жауапкершілікке ауыстыруы туралы Президент ұсыныс ризашылықпен қабылдады. Кеңеске қатысқан Қазақстан медиа Альянсының төрағасы Арманжан Байтасов «бұл бастама журналистерге зор мүмкіндік ашады», дейді.

Арманжан Байтасов, Қазақстан медиа альянсының төрағасы:

- Егер де бұл заң күшіне енсе, журналистік зерттеулер көбейіп, масс-медиа саласындағы әріптестерім батыл сын айтуға мүмкіндігі болады. Сондай-ақ еліміздегі сөз еркіндігі Қазақстанның тұрақты дамуы мен жалпы экономикалық  жағдайының түзелуіне бірден бір ықпал етеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы