379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстанның үш азаматы елден қуылды

  • 557
  • UPD: 12:18, 26.12.2019
Көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстанның үш азаматы елден қуылды

Көлік полицейлері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстанның үш азаматын ұстады, деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Көлік полицейлері «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Шу стансасында Нұр-Сұлтан – Сарыағаш бағытындағы жолаушылар пойызындағы вагондардың бірінде құжат тексеру кезінде 21-22 жас аралығындағы Тәжікстан Республикасының үш азаматын анықтап, ұстады.

«Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.

Құқықбұзушылар Шу аудандық сотының шешімімен елден шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы