376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұшақ апаты: алғашқы көмектің неліктен кеш жеткені белгілі болды

  • 261
  • UPD: 21:07, 27.12.2019

Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған Fokker 100 ұшағы жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:18-де әуеге көтеріліп, төрт минуттан кейін радардан жоғалып кеткен.

Дәл қазір ұшақ апатының неден болғанын тиісті орындар анықтап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшақтың ішінде аман қалған жолаушылардың айтуынша, алғашқы көмек шамамен 20 минуттан кейін жеткен. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жарты сағаттан кейін болды.

«Құтқару күштерінің кешігу себебі ұшақ құлаған аумақтағы қардың қалыңдығы және бетон тосқауылдарының кедергі болуы», - дейді мамандар. Жалпы оқиға орнында құтқару және іздестіру жұмыстарына қаладағы барлық құтқару саласының қызметкерлері жұмылдырылды. 1000-ға жуық құтқарушы мен 72 арнайы техника оқиға орнында құтқару жұмыстарымен айналысты. Сондай-ақ қаладағы 12 жедел жәрдем  медициналық бриагадасы зардап шеккендерге барынша көмек көрсетті.

Ерлан Әлібеков, қалалық ТЖД басшысының орынбасары:

- Алматы қаласы мен Алматы облысының күштерін жібердік. Ұлттық ұланның әскери қызметтерін осы жерге жіберіп, құтқару операциясын ұымдастырдық. Келген кезде 88 адамға көмек көрсетіліп, олар ұшақтан шығарылған болатын.

Ұшақ апатына қатысты Үкіметтік арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері әуежайдағы алаңда және апат орнында болып, баспасөз-мәслихатын өткізді.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Апаттан қаза тапқан барлық жандардың жақындарына Үкімет тарапынан барлық көмек көрсетіледі. Қазір біз осы апатың сепеп-селдерін анықтауға Халықаралық авияциялық комитет өкілдерін шақыртық. Сараптамалық-тексеріс тобы құрылды.

Дәл қазіргі уақытта Алматы әуежайы қалыпты кесте бойынша жұмыс істеуде. Ішкі жене халықаралық әуе қатынасында өзгеріс жоқ. Тек Bek Air компаниясына тиесілі ұшақтар қызметі уақытша тоқтатылды. Әуежайда психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай мен жедел жәрдем қызметтері күшейтілген жұмыс жүйесіне көшірілді.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы Алмас Сәдуақас, Эдуард Кон, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы