380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Апаттан қаза болғандардың әріптестері қайғырып, көңіл айтып жатыр

  • 311
  • UPD: 20:55, 27.12.2019

Ал 12 адамның басым бөлігі оқиға орнында жан тапсырған. Бір адам Алматы әуежайына жеткізілгеннен кейін қайтыс болса, тағы бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат құрбандарының аты-жөндері белгілі. Жолаушылардың бірі елордаға қызмет бабымен жолға шықса, екіншісі жаңа жыл мерекесін бас қалада қарсы алмақшы болған.

Өкінішті, сапарлап шыққан 12 адамның ғұмыры орта жолда үзілді. Оларды жақындары асыға күтіп отырған еді. Ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров бар. Рүстем Есімханұлы 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Бар ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған генерал-майор 20-дан астам ғылыми мақаланың авторы. Кеңес Одағы кезінде сыбайлас жемқорлықпен күрес аймақаралық басқармасының басшысы болса, тәуелсіздік жылдары құқық тәртібі мен заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық және үкіметтік комиссиялардың мүшесі болды. Әріптестері қайғырып, көңіл айтып жатыр.

Амангелді Құрманғалиев, Рүстем Қайдаровтың әріптесі:

Ол біздің арамыздағы ең белсендісі еді. Өте әділ болатын. Ол бізге үлкен ағамыз сияқты еді. Ол әлі күнге дейін қызметтен қол үзбей, барлық іске белсене араласып жүретін. Генерал Нұрмағамбетовтің есімін есте қалдыру үшін көп жұмыс атқарды. Оның ескерткішін ашуға мұрындық болды.

Дана Круглова. Информбюро ақпараттық порталының шығарушы редакторы, әріптесіміз. Жаңа жыл мерекесін елордада тұратын ата-анасымен бірге қарсы алмақ болып, осы ұшаққа отырған. Әттең, небәрі 35 жасында көз жұмды, Әріптестері мен достары Дананың қазасына әлі сене алар емес.

Ерлан жЖетенов, Дана Круглованың әріптесі:

Мен Дананы көптен танимын. 2003 жылдан бері білемін. Бірге қызмет жасадық, әріптес болдық. Ол аудандық деңгейдегі басылымда ұсақ тұрмыстық мәселелер туралы жазып жүргісі келмейтін. Ол одан да биікке ұмтылды. Түрлі шараларға қатысып, әркез өзінің кәсіби біліктілігін дамытып жүретін. Кейін Алматыға кетіп, сол жақта біраз жетістікке жеткен еді.

Қаза тапқандардың алғашқы тізімі жарияланған кезде Марат Мұратбаевтың да аты-жөні болды. Ол апатқа ұшыраған ұшақ экипажының командирі еді. 58 жастағы капитан бұған дейін басқа да әуе компанияларында қызмет еткен.

Хабар 24 телеарнасы