376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда барлық мәдени іс-шаралар кейінге шегерілді

  • 111
Қостанайда барлық мәдени іс-шаралар кейінге шегерілді

Қостанайда 28 желтоқсанда алғашқы рет қысқы отбасылық фестиваль өткізу жоспарланған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты ауқымды шара кейінге шегерілді. Бұл жағдайды өңір жұртшылығы түсіністікпен қабылдап отыр. Сондықтан осы күнге межеленген барлық мерекелік қойылымдар мен балалар ертеңгілі басқа күндерге ауыстырылды. Қажетті ақпаратты қостанайлықтар ұйымдастырушылардан біле алады. 

Ерлан Қалмаков, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

– Әрбір мекеменің өзінің жеке парақшалары бар, қазіргі уақытта қай іс-шараның қандай күнге ауыстырылғандығы туралы ақпарат орналастырылып жатыр. Барлық азаматтар біздің қаралы жағдайды түсіне отырып, ұйымдастырылушылық шешімдерімізге түсіністікпен қарайды деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы