377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда әскери қызметшілерге пәтер кілттері табысталды

  • 148
  • UPD: 13:03, 30.12.2019
Ақтауда әскери қызметшілерге пәтер кілттері табысталды

Ақтау қаласындағы әскери қалашықта 96 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Әскери қызметшілерге пәтер кілттері салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Тұрғын үйлер әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы аясында тез салынатын үйлердің жеке жобасы бойынша салынған. Пәтерлер толығымен жабдықталған және тұруға дайын. Атап айтқанда, санитарлық техника құрылған, қажетті жиһаз бен тұрмыстық техника да бар. Тұрғын үйге қарасты аумақ абаттандырылған. Аймақ бойынша жарық орнатылып, асфальт төселіп, аулада спорттық алаң, балаларға арналған ойын алаңқайлары мен орындықтар орнатылған», - делінген хабарламада.

Қызметтік тұрғын үй әскери қызметшілерді және олардың отбасыларын қызмет өткеру орны бойынша жайлы тұру үйлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Хабар 24 телеарнасы