376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғарда 20 отбасы жаңа жыл қарсаңында баспаналы болды

  • 126
  • UPD: 15:08, 31.12.2019
Талғарда 20 отбасы жаңа жыл қарсаңында баспаналы болды

Алматы облысы Талғар ауданындағы 20 отбасы жаңа жыл қарсаңында баспаналы болды. Көп балалы және аз қамтылған жанұяларға 16 үй мен 4 пәтердің кілті салтанатты жағдайда табыс етілді.

Қолданыста болған тұрғын жайларды сатып алу үшін облыс бюджетінен 245 млн теңге жұмсалған. Аудан басшылығының айтуынша бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік бағдарлама негізінде алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Мәселен, келесі жылы 340 пәтерлі 6 көпқабатты үй салу жоспарланып отыр. Жалпы қазіргі таңда аудандағы 850 көп балалы отбасы баспана кезезінде тұр. 

Ләззат Әділбекова, аудан тұрғыны:

- 2013 жылдан бастап кезекте болдық. Бүгін міне 30 желтоқсанда осы баспанаға қол жеткіздік. Өте қуаныштымыз. Осыған дейін пәтер жалдап тұрғанбыз.

Хабар 24 телеарнасы