375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың сәулеті мен келбеті айтарлықтай өзгермек

  • 189
Елорданың сәулеті мен келбеті айтарлықтай өзгермек

Алдағы жылдары елорда тұрғындарының саны 2 миллионға жуықтайды деп күтіліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған сәйкес қаланың сәулеті мен келбеті айтарлықтай өзгеруі тиіс. Әсіресе, адамдардың жайлы өмір сүруіне, демалуына, жұмыс жасауына қажетті инфрақұрылым қалыптастыру қажет. Атап айтқанда, бас қаланың 3 орталығын жүйелі байланыстырып, экономикалық тұрғыда барынша тиімді қылу мақсаты тұр. Бұл жөнінде танымал сәулетші Асхат Садуов мәлімдеді.

Айта кетейік, «Урбанистика орталығының» басшысы жуырда ғана «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысып, мыңдаған үміткер арасынан үздік атанған болатын.

Асхат Садуов, сәулетші:

– Ең басты мақсат – қаланы жергілікті тұрғындар мен қонақтарға барынша қолайлы қылу. Урбанистика ғылымының негізгі бағыты да осы ғой. Осыған байланысты саладағы өзекті мәселелерді күн тәртібіне қойып, оны кешенді түрде шешуге кірістік. Нақты жоспарымыз бар. Жақын болашақта оны ойдағыдай жүзеге асырамыз деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы