375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару құны қымбаттады

  • 91
  • UPD: 13:47, 06.01.2020
Оралда тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару құны қымбаттады

Орал қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару құны қымбаттады. Екі мәрте қоғамдық кеңес мүшелерінің талқысынан өткен жаңа тариф жуырда қалалық мәслихат сессиясында бекітілді.

Бұған дейін 215 теңгеден төлеп келген көпқабатты үйдің тұрғындары енді қосымша құн салығын қосқанда 286 теңге төлемек. Ал жеке жер үйдің тұрғындары жан басына шаққанда 219 теңгенің орнына 292 теңгеге шығындалмақ. Тарифтің 33 процентке өсуіне тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының ескіруі, яғни қоқысты сұрыптап, жинап, жоюға кететін шығындардың көптігі түрткі болыпты. Осы іспен айналысатын мекеменің материалдық-техникалық базасы жақсаруына да жаңа тариф септігін тигізбек.  

Қанат Өмірәлиев, қалалық ТКШ бөлімі басшысының м. а.:

- Басқа облыстармен салыстырғанда ең орташа, ең төменгі  тариф біздің облыста. Соған байланысты арнайы шешім шығарылып, қоғамдық кеңесте талқыланды. «Оралтазасервис» бүгінгі таңда оларда 30-дың үстінде машина қала бойынша жұмыс істеп жатыр. Егер тариф көтерілгенде, олар 2020-дан бастап жылына 3 техниканы жаңадан алуды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы