405,77 457,60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жол сапасына қатысты 5 мыңнан астам бұзушылық анықталды

  • 258
  • UPD: 16:38, 09.01.2020
Елімізде жол сапасына қатысты 5 мыңнан астам бұзушылық анықталды

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК 2019 жылы атқарған жұмысының алғашқы қорытындыларын шығарды.

Осылайша орталық мамандары Қазақстан жолдарында өткен жылы 13 мыңға тарта тексеріс шарасын жүргізіп, 5 мыңнан астам әр алуан олқылықты анықтаған болатын.

Мәселен, өткен жылы Ақмола облысына қарасты Қосшы кентінде жолшылар ұйымдастырған рейдке қоғам белсенділері, республикалық арнайы мониторингтік топ пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тексеріс барысында түрлі олқылықтар анықталып, техникалық қадағалау, субмердігерлік және жобалық ұйымдардың мамандарына әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, 2019 жылы орталық Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарындағы жолдардың да талапқа сәйкестігін тексерді. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде жергілікті маңыздағы Майқайың - Екібастұз және Жалағаш - Жосалы жолдары стандартқа сай емес екендігі анықталған-ды.

Еске салайық, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» ҚР Үкіметі Қаулысының негізінде 2019 жылы 16 «Облжолзертхана» РММ біріктірілуі арқылы құрылған болатын. Орталықты құрудағы мақсат – республикалық маңызы бар жолдардың ғана емес, жергілікті жол желісінің сапасын тексеру, жол активтерін басқару, жол қауіпсіздігі деңгейін мониторингтен өткізу, жаңа технилогиялар мен материалдарды енгізу. Биыл кәсіпорын Қазақстан жолдарының сапасын бақылау шараларын күшейте түспек.

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы