loader

Жемқорлық фактісі туралы хабарлағандарға 1,5 млн теңге берілді

Жемқорлық фактісі туралы хабарлағандарға 1,5 млн теңге берілді

Жемқорлық фактілерін әшкерелеген 9 қазақстандыққа 1,5 млн теңге берілді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған белсенді азаматтық ұстанымы бар ел тұрғындарын ынталандыру қарастырылған. Айталық, 2019 жылы сотта қаралған қылмыстық істер бойынша 9 азаматқа 126 250 теңгеден 176 750 теңгеге дейін, жалпы 1,5 млн теңгеге жуық сыйақы берілді», – деді ол. Сонымен қатар агенттік қызметкерлерінің үстінен де шағым түсетінін, оларды өзіндік қауіпсіздік қызметі тыңғылықты тексеретінін жеткізді. Департамент басшысының дерегінше, Call-орталыққа келіп түсетін шағымдардың басым бөлігі Түркістан облысынан. Бұл өңірден өткен жылы 148 шағым түскен. Одан кейін Алматы облысы (137) мен Алматы қаласынан да (112) шағым жиі түседі.

Сондай-ақ...