376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік басылымдар Абай мұрасын үздіксіз насихаттамақ

  • 109
  • UPD: 20:01, 12.01.2020
Өскемендік басылымдар Абай мұрасын үздіксіз насихаттамақ

Бұқаралық ақпарат құралдары Абайдың шығармаларын насихаттауды басты парыз деп білуі тиіс.

Бұл тек ұлы тұлғаның мерейтойына байланысты науқандық шара ғана болмауы керек. Әсіресе Абай мұрасын насихаттауда өзге тілде ерекше басымдық берілген дұрыс. Бұл орайда Шығыс Қазақстанның басты басылымдары «Дидар» мен «Рудный Алтай» газетінің ұжымдары ерекше ынталы. 100 жылдан астам тарихы бар қос басылым шығыстан шыққан алыптар, Абай мен Шәкәрім және Мұхтардың мұраларын үзбей насихаттап келеді. «Дидар» газеті Абайдың 175 жылдығына арналған материалдарды былтырдан бастады. Ол үшін газеттен «Абайдың айтқаны», «Абайдың шәкірттері» «Абай мұрасы» деген арнайы айдарлар ашқан. Ал осы жылы абайтанушылар мен зерттеушілердің көлемді еңбектерін әр шығарылым сайын жариялап отырмақ. Ол үшін газеттен тағы да жаңа айдар ашылды.

Уәлихан Тоқпатаев, облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы:

– «Толық адам» деген айдар ашамыз. Ал «Ақшоқыны» өткен жылы шілде айында бастағанбыз. Ақшоқыға сапарымыздан бірнеше материал бердік. Енді алдағы уақытта мүшайра ұйымдастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы