375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жыл басталғалы бері 650 адам АӘК алуға өтініш берген

  • 103
  • UPD: 08:10, 13.01.2020
Алматы облысында жыл басталғалы бері 650 адам АӘК алуға өтініш берген

Алматы облысында жыл басталғалы бері Атаулы әлеуметтік көмек алуға 650 адам өтініш берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал екі мыңға жуық тұрғын тиісті мекемеге барып кеңес алды. Сала мамандары мемлекеттік жәрдемақы тек тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға ғана берілетінін айтады. Жаңа жүйе аса мұқтаж жандарды анықтап, оларға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған. Ондай жанұядағы еңбекке қабілетті адамдар жұмыспен қамтылатын болады. Егер бас тартса, отбасы әлеуметтік көмектен де қағылмақ. Жалпы облыста 50 мың көп балалы және тұрмысы төмен жанұя бар. Өткен жылы оларға 30 млрд 600 млн теңгеге жәрдемпұл берілді.

Мәулен Сүлеймен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы

- Көп балалы аналарға жеке санатқа шығарылып , 4 баласы барларға 42500, жеті баласы барларға 73 мың теңге тағайындалып, ол кісілерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленуде. Және де атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде қазіргі таңда күнкөріс деңгейі мен адам басына шаққандағы айырмашылығы әр отбасы мүшесіне төленетін болады. Және де одан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі.

Дәурен Мерекенов, қала тұрғыны:

- 6 балам бар. Жолдасым жұмыс жасайды. Ал, мен өзім сырқаттанып жүрмін. Жәрдемақыны алып жатырмыз. Үкіметтің көмегі. Бұрын әр балаға 21500 алатынбыз. 2020 жылдан бастап көп балалы ата-ана ретінде әр балаға 10500 теңгеден алты балаға алып жатырмыз. Бұрынғы АӘК-нің егер табысың жетпесе, соның айырмасын да аламыз.

Хабар 24 телеарнасы