380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада медициналық оңалтуға бөлінетін қаржы мөлшері артты

  • 253
  • UPD: 20:44, 13.01.2020

Жаңа жылдан бастап медициналық оңалту ем-шараларына арналған қаржы көлемі бірнеше есеге артты. Бұл - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің игілігі. Айтулы жұмыстар Сыр өңірінде қалай жүзеге асуда?

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Бұл Қызылорда қаласындағы жеке клиникалардың бірі. Мұнда оңалту, қалпына келтіру ем-шараларының бірнеше түрі жүргізіледі. Мәселен мына терможамылғы арқылы науқастарды батпақпен емдеуге болады. Ал омыртқа буын ауруларына мына гидромассаждың пайдасы көп екен. 

-Мына жерда фитобөшкелер орналасқан. Мұнда бумен емдейді. Ал қазір ем қалай жүрып жатыр? Сұрап білсек. 

Дүйсенкүл Тәжікова, қала тұрғыны:

- Бумен емдеу денсаулыққа өте пайдалы, әсіресе қатты суық тиген кездерде будың емін барлығымыз жақсы білеміз.

- Ал қазіргі жаңа жүйе – медициналық сақтандыру туралы білесіз ба?

- Жаңа жүйе туралы өте жақсы таныспын. Осы жерге жолдамамен келдім №6 емханадан дәрігер берді. Жақсы тегін ем алып жатырмын. 

Жалпы бұл клиникада 50-ден астам оңалту ем-шарасы жүргізіледі екен. Қалған мәліметті біз дәрігерден сұрап білсек. Жалпы қандай тағы қызмет түрлері бар? 

Айман Нақыпова, дәрігер-реабилитолог:

- Қалыптастыру бағыт ындағы ем-шаралар бізде өте көп. МӘМС бағдарламасы аясында қазір науқастар бүкіл емді біздің орталықтағы тегін қабылдайды. Ал бұл бағдарлама жоқ кезінде әрине олар ақылы түрде өтетін. 10-12 күндік емшаралар барлығы 264мың теңге төлейтін. Ал енді мына МӘМС бағдарламасына қарағанда сол 264 мың теңге қшаны экономдап, науқастар тегін өтеді. 

Бақыт Исмаханбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚОФ директоры:

- Облысымызда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген күннен бастап оңалту емі бірінші рет өте үлкен көлемде қаржыландырыла бастады. Енді сандарды сөйлететін болсақ, Мысалы 2019 жылы 180 млн. теңге болған болса оңалту емінің қаржыландырылуы, 2020 жылы 2 млрд. теңгенің үстіне шықты бұл бағытты қаржыландыру мәселесі. Сондықтан да оңалту қызметін көрсететін қызмет берушілердің немесе медициналық ұйымның саны артты.

Айта кетейік, жаңа жүйе бойынша ересектерге 161 түрлі, 18 жасқа дейінгі балаларға 192 түрлі дәрі-дәрмек тегін берілмек. Бұл 62 ауру түрін қамтиды екен. 

Нұрбек Әділханов, облыстық ТКҚСҚБД бөлім басшысы:

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жаңадан енгізілген 225 дәрілік заттың қазіргі таңда 157-сі біріңғай дистрюбютермен сатылып алынған. Медициналық ұйымның сұранысына бойынша жеткізілуге дайын тұр. Ал қалған позициялар бойынша дәрілік заттар құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін, заңды күшіне енгеннен кейін сатып алынатын болады. Жалпы МӘМС жүйесіндегі азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданылады деп жоспарланып отыр. 

Бүгінгі күні Қызылорда облысында дәл осындай 56 клиникамен нақты келісім-шарт жасалған. Алдағы уақытта олардың саны тағы да артуы мүмкін. Өйткені емханалар тікелей тапсырыс беруші ретінде жеке клиникалармен келісім-шарт жасауға мүмкіндігі бар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы