376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АШМ: Қазақстанда сібір жарасы тарағаны туралы ақпарат жалған

  • 146
  • UPD: 15:39, 14.01.2020
АШМ: Қазақстанда сібір жарасы тарағаны туралы ақпарат жалған

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстанда сібір жарасы тарады» деген ақпараттың жалған екенін хабарлады.

«Ақмола облысы тұрғыны сібір жарасын жұқтырды және қауіпті ауру таралды деп қоғамда резонас тудырып, халық арасына үрей әкелген ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ақмола облыстық департаментінің мәліметіне сәйкес Ж.Есімді облыс тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдік расталмады. Дәрігерлер азаматқа жоғарғы қабат тілмесі, орташа ауырлықтағы эритематозды-буллез деген диагнозын қойды.

Сонымен қатар 2019 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері эпизоотияға қарсы іс-шараларын уақытылы жүргізген. 2019 жылы 35,4 млн вакцина бөлініп, Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы жануарлар сібір жарасына қарсы 100%-ы егілді.

Биыл тиісті вакцинаның 36,4 млн дозасын сатып алу жоспарланған.

«Ақмола облысындағы аталмыш факт бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жүргізген зертханалық тексерулерінің нәтижесінде сібір жарасының қоздырғышы табылған жоқ. Осылайша, әлеуметтік желілерде дүрбелең тудырған ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген АШМ таратқан хабарламада.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы