377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте тұмаумен ауырғандар қатары азаймай тұр

  • 98
  • UPD: 07:35, 16.01.2020
Шымкентте тұмаумен ауырғандар қатары азаймай тұр

Шымкентте күн райының құбылмалы болуынан тұмаумен ауырғандар қатары азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эпидемиологиялық маусым басталғалы қалада 50 адам тұмау жұқтырған. «Науқастардың дені жүкті әйелдер мен балалар», - дейді мамандар. Олардың айтуынша, жұқпалы ауруға қарсы вакцинаны уақытында қабылдаған азаматтарға тұмау жеңіл түрде өтеді. Жалпы өңірде эпидемиологиялық маусым басталғалы жіті вирустық инфекциямен 6882 науқас тіркелген. Олардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. «Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда қалыпты деңгейде», - дейді мамандар. Дегенмен, қаңтар айының соңына қарай тұмаумен сырқаттанғандар саны тағы да артуы мүмкін.

Ғалымжан Әбішев, қалалық ТКҚСҚБД басшысының орынбасары:

- Осы маусымда тұмаумен ауырған 50 науқас тіркелді. Тұмаумен ауырғандардың ішінде 34-і жүкті әйелдер, қалғаны балалар. Тұмаумен ауырғандардың барлығы тұмауға қарсы вакцина қабылдамағандар, екпе алмағандар.

Хабар 24 телеарнасы