426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облыс әкімінің қатысуымен өтетін екі жиын кейінге қалдырылды

  • 492
  • UPD: 13:39, 16.01.2020
Павлодар облыс әкімінің қатысуымен өтетін екі жиын кейінге қалдырылды

Павлодар облысының әкімдігі қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ Болат Бақауовтың қатысуымен өтетін екі бірдей жиын кейінге қалдырылған. Оның орнына облыстық әкімдіктің үлкен залында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне қатысты тыңдау өтті. Оған Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева төрағалық етті. Ал, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейітахмет Болат Бақауовтың төңірегіндегі жағдайға қысқаша ғана мәлімдеме берді. Оның айтуынша, аймақ басшысы қалада.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайында әлеуметтік желілерде ақпарат тараған болатын.

Ернар Сейітахмет, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

Облыс әкімдігі штаттық режимде жұмыс жасауда. Барлық қызметкерлер өз орындарында. Облыс әкімі қазір Павлодар қаласында жұмыс мәселелерімен жүр.

Хабар 24 телеарнасы