377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміржол билеттерін заңсыз сатқандарға қанша айыппұл салынады

  • 226
  • UPD: 16:22, 17.01.2020
Теміржол билеттерін заңсыз сатқандарға қанша айыппұл салынады

Елімізде теміржол билеттерін заңсыз сатқандарға жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«Жеке және заңды тұлғалардың теміржол билеттерін заңсыз сатқаны немесе қайта сатқаны үшін 100-ден 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілік көзделген», - деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай.

Бұл норма жол жүру билеттерін заңсыз сату, сатып алумен және теміржол вокзалдарында делдалдармен күресуді күшейтуге мүмкіндік бермек.

ҚР кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Заң жолаушылар тасымалын субсидиялауды оңтайландыруға, жүктердің жасырын транзитінің алдын алуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды есепке ала отырып, кірме жолдар қызметтерін реттеуге және теміржол билеттерін заңсыз сатқандарға жауапкершілікті күшейтуге бақытталған.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы