377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде 127 нысан санитарлық талаптарға сай емес

  • 129
Семейде 127 нысан санитарлық талаптарға сай емес

Семейдегі 127 нысан санитарлық талаптарға сай болмай шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қара тізімге дәмханалар мен мейрамханалардан бөлек, өндірістік кәсіпорындар да енген. Бұл ұйымдардың басшыларына ұйғарымдар берілді. Алтауы айыппұл төлеуге мәжбүрленсе, бір кәсіпкер сот алдында жауапқа тартылмақ. Жалпы мамандар екі жүзден астам нысанның жұмысын тексерді. Олардың 18-і тұрғындардың шағымына сәйкес жүргізілді. Семейліктерді көбінесе көрсетілетін қызметтердің, азық-түліктердің сапасыздығы және нысандардың санитарлық жағдайы мазалаған.

Серікболсын Назарбеков, санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы:

– Ерекше тәртіппен 100-ден аса нысан тексерілген болатын. Егер ол қатаң жазаланса, сол пунктке сәйкес санитарлық ұйғарым береміз. Санитарлық ұйғарымды орындамаса, оларды әкімшілік сотқа жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы