379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары сабақтан босатылды

  • 164
  • UPD: 13:42, 17.01.2020
Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары сабақтан босатылды

Павлодар облысында ақ түтек боран соғып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен. Ауа райының қолайсыздығынан Екібастұз қаласымен Ақтоғай, Баянауыл, Аққулы және Шарбақты аудандарында бастауыш сынып оқушылары сабақтан босатылды. Әзірге тек Шідерті – Қарағанды тас жолы жабық. Түні бойы соққан ақ бораннан Павлодардың көшелерін қар басып қалған. Қазір коммуналдық қызмет толық күшейтілген кестеде жұмыс істеп жатыр. Қалалық баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, облыс орталығын қардан тазартуға 150 адам, 45 қар тазалау техникасы және 60 жүк көлігі жұмылдырылған.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД басшысы:

– Кешеден бері қарай Шідерті ауылынан бастап Екібастұздан әрі қарай және Ақмола облысының шекарасына дейін жол жабық. Ар жағында Ақмола облысы, мына жағы Қарағанды облысы шектеу қойылған, қазіргі кезде ол жаққа шығуға тыйым салынған. Өздеріңізге мәлім, қазіргі жағдайда сыртта, қаланың өзінде де көру мүмкіндігі шектеулі бір - екі метрден артық көру мүмкіндігі. Сондықтан далалы жерде нөл деп айтуға болады. Сондықтан қазіргі жағдайда бүкіл біздің қызметкерлер күшейтілген жұмыста жұмыс жасауда.

Хабар 24 телеарнасы