379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында сегіз мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді

  • 198
  • UPD: 08:01, 19.01.2020
Алматы облысында сегіз мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді

Алматы облысында «Ауылым – алтын бесігім» өңірлік бағдарламасы бойынша биыл 8 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның екеуіне қажетті қаржы бөлінді. Сондай-ақ 12 мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жасалады. Ал жаңадан бой көтеретін мәдениет ошақтарының құрылысы барысында клуб, кітапхана, спорт залдары бір жерде орналасқан кешендер салуға басымдық беріледі. Аталған бағдарлама бойынша 2018 жылы 9, өткен жылы 3 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалды. Он шақты нысан ағымдағы жөндеуден өтті. Жетісу жерінде жалпы саны 600-ге жуық мәдениет ошағы бар.

Мәрлен Көлбаев, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы:

- Бізде бүгінгі күнге 6 мәдениет үйін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы дайын тұр. Бірақ әрине, оның тиімділігін қараймыз. Кейбір мәдениет үйлерін жөндеуге 400 млн экспертизадан өтіп отыр. Ол өте қымбат. Ал ол жерде тұратын халықтың саны 500-ден де аспайтындар бар. Оның тиімділігі жоқ та. Сондықтан қазір қай жер тиімді, соған қарап, сұраныстар енгізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы