425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған шетел азаматтары құтқарылды

  • 456
  • UPD: 19:23, 20.01.2020
Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған шетел азаматтары құтқарылды

Автобусқа мініп, Ресейге қарай бағыт алған олар «Мәртөк – Қобда» тас жолында тұрып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ақпарат Төтенше жағдай департаментіне түске дейінгі уақытта жетті. Қарға батқан техника мен жолаушыларға жол тазалаушы мердігер компания, жергілікті әкімдік өкілдері және құтқарушылардан құралған топ көмекке келді. Автобуста 57 адам болған. Оның екеуі ел азаматтары болса, қалғаны 55-і өзбекстандық. Арасында үш бала да бар. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.  

Қайрат Қасым, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

- Жолаушылар мінген автобус навигациялық жүйеден ауытқып кетіп, бағытын өзгерткенге ұқсайды. Соның салдарынан қалың қар басқан тас жолда қалып қойған. Бірақ жолаушылардың барлығы да аман. Дәрігердің көмегіне жүгінген жоқ. Біз аз ғана уақыттың ішінде автобусты жолға шығарып, республикалық маңызы бар көлік жәлізіне дейін апардық.

Хабар 24 телеарнасы