426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада әскерилер қар шығаруға көмектеседі

  • 278
  • UPD: 09:30, 21.01.2020
Канадада әскерилер қар шығаруға көмектеседі

Канаданың шығысындағы Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясына 200-ге тарта әскери қызметкер жіберілді.

Олар қар құрсауында қалған өңір тұрғындарына көмектесуі тиіс. Бұған дейін мұнда рекордтық мөлшерде ақ ұлпа түскен. Осы ретте тұрғындар әлеуметтік желіде тиісті бейнежазбаларымен бөлісуде. 

Провинция орталығы Сент-Джонс қаласында бір тәулік ішінде 76 сантиметр қар жауған. Шаһарда бұрын соңды мұндай жағдай болмаған. Ауа райының қолайсыздығы кесірінен аймақта 20 мыңнан аса үй жарықсыз қалды. Сондықтан жергілікті билік төтенше жағдай тәртібін жариялаған. Қазір қарды тазалау жұмыстары күшейтілген тәртіпте жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы