426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да екі автобус соқтығысып қалды

  • 374
  • UPD: 19:05, 21.01.2020
ШҚО-да екі автобус соқтығысып қалды

Шығыс Қазақстанда екі автобус соқтығысып қалды.

Абырой болғанда екі транспорт бір-бірін жанап өткен. Көліктердің тек айналары ғана бүлінген. Сондықтан ешкім зардап шекпепті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол көлік оқиғасы таңертең сағат 11.00 шамасында болған. Шемонайха ауданынан облыс орталығына қарай келе жатқан «ПАЗ» автобусы жүрісінен ауытқып, қарама қарсы бағыттта келе жатқан «Scania» aвтобусымен жанай қақтығысып қалады. Соңғы көлікте жолаушылар болмаған. Ал «ПАЗ» автобусында бірнеше адам отырған. Алайда барлығы дін аман. Қарға кіріп кеткен «ПАЗ» көлігі жолаушылардың көмегімен тас жолға шығарылып, сапарын жалғастырды. Дегенмен аталған дерекке байланысты ол автобустың 51 жастағы жүргізушісінің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Айта кету керек дәл қазір Шемонайха-РФ шекарасы бағытындағы жол жабық. Ол жақта бұрқасын жел үдеп тұр.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы