399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісайда қыс ортасында 30 гектар аумаққа қырыққабат егілді

  • 261
  • UPD: 12:07, 22.01.2020
Жетісайда қыс ортасында 30 гектар аумаққа қырыққабат егілді

Қыстыгүні Түркістан облысы Жетісай ауданында 30 гектар аумаққа қырыққабат көшеті отырғызылды, деп хабарлады otyrar.kz.

Атап айтқанда, Абай ауылдық округінде 11 гектарға, ал Атамекен ауылдық округінде 19 гектар аумаққа көшеттер отырғызылған.

Дихандардың әсіресе 70 күнде пісетін Магнус және 60 күнде пісетін Фарао сорттарын егіп жатыр.

Биыл жылдық жоспары бойынша шамамен 1500 мың гектарға қырыққабат егілмек.

Айта кетсек, былтыр Жетісай ауданында 1020 гектарға қырыққабат егілсе, тиісінше одан 39 мың тонна өнім алынған.

Хабар 24 телеарнасы