412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Судьялар Абай өлеңдерін оқудан эстафета өткізуді қолға алды

  • 596
  • UPD: 12:33, 22.01.2020
Судьялар Абай өлеңдерін оқудан эстафета өткізуді қолға алды

Жақсыменен жаманды айырмадың, бірі қан, бірі май боп екі ұртың. Ақмола облысында облыстық соттың бастамасымен судьялар арасында Абай өлеңдерін оқудан челлендж өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот төрағасы Досжан Әміров бастаған «Әр сөзінен ұғындырған ұлылық» атты эстафетаны қазірдің өзінде жергілікті соттардан 60-тан астам судья мен сала мамандары қолдаған. Ал, әлеуметтік желіде екі аптаның ішінде 33 бейнежазба жарияланыпты. «Жалпы аталған эстафетаға 100 судья мен 300-ге жуық сот маманы атсалысады деп жоспарланып отыр», - дейді, облыстық соттың төрағасы. Одан бөлек, осы аптадан бастап әр дүйсенбі күні облыстық соттың аппараттық жиынында Абайдың қара сөздерін оқу қолға алынған. «Ондағы мақсат – сот төрелігінде жүрген азаматтардың Абай мұрасынан тәлім алуы. Осы арқылы кемелдікке ұмтылуы», - дейді, ұйымдастырушылар.

Досжан Әміров, облыстық соттың төрағасы:

- Міне, біздің бүгінгі күні челленджді бастап жатқанымызда осындай үлкен себеп бар. Абай данамызды қанша оқысақ та, оны әр оқыған сайын жаңа қырынан, жақсы қырынан біле береміз. Абай бабамызды бір оқығаннан онша-мұнша адам түсіне қоймайды. Сондықтан Абай бабамызды оқыған сайын оны біз жаңа қырынан танып, бүгінгі күнге дейін ол кісінің айтқан сөздері бізді, ел-жұртты, қазақ халқын бағыттаған бағдарының дұрыс екендігін тағы да біз көзіміз жетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы