375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында қар құрсауында қалған 84 жолаушы құтқарылды

  • 178
  • UPD: 13:31, 23.01.2020
Ақмола облысында қар құрсауында қалған 84 жолаушы құтқарылды

Ақмола облысында өткен тәулікте боранның салдарынан қар құрсауында қалған 84 жолаушы құтқарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Құтқару жұмыстары аймақтың барлық ауданында жүргізілген. Мәселен, өткен түнде Атбасар ауданында елді мекендердің бірінен келе жатқан жедел жәрдем көлігі қарға батып қалады. Құтқарушылар көлікте отырған 4 адамды дереу қауіпсіз жерге көшіріп, машинаны да қар құрсауынан алып шыққан. Жалпы аймақта бірнеше күннен бері күн райы қолайсыз болып тұр. Синоптиктердің айтуынша, боран, бүгін де сақталады.

Қанат Доспаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Жалпы өткен тәулікте 22 көлік қар құрсауынан шығарылды. Олардың көбі – ескертуді елемей жолға шыққандар. Ал жылыту бекеттеріне 32 адам жайғастырылды. Қазір де бірнеше бағыттағы жолдар жабық. Сондықтан тұрғындарға әзірге жолға шықпауға кеңес береміз.

Хабар 24 телеарнасы