375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 107 елді мекенді су басуы мүмкін

  • 141
  • UPD: 14:07, 23.01.2020
ШҚО-да 107 елді мекенді су басуы мүмкін

Шығыс Қазақстанда республикалық маңызды 5 жолдағы бірнеше бағыт пен өңір ішіндегі 4 қатынас жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар екпінді желге байланысты Семей қаласы мен Ұлан, Бесқарағай аудандарында мектептерде сабақ шегерілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, алдағы екі күн аралығында өзен-көлдердегі су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Өйткені Қазгидрометтің мәліметінше, облыста бұл күндері ауа температурасы көтерілуі мүмкін. Бұл өз кезегінде мұз қабатын ерітіп, су тасқыны қаупін күшейтеді. Мамандардың айтуынша, облыстағы 14 мыңдай тұрғыны бар 107 елді мекенді тасқын су басу қаупі бар. Дегенмен төтенше жағдайлар қызметі әзірге барлық су деңгейі шекті мөлшерден асқан жоқ деп отыр.

Алексей Штыкель, облыстық ТЖД бөлім басшысының орынбасары:

– Бұқтырмадағы мұз қабатының қалыңдығы – 60 см. Ал Шүлбіні қабыршық мұз басып жатыр. Жалпы Қатонқарағай, Көкпекті, Алтай аудандарындағы қар ылғалдылығы мөлшерден екі есе артық. Десек те биыл жер тоңы қатты қатқан жоқ. Сондықтан бұл да өз кезегінде қолайлылық туғызып отыр.

Хабар 24 телеарнасы