430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте көмекке мұқтаж 50 жанұяға азық-түлік таратылды

  • 840
  • UPD: 16:17, 28.01.2020
Шымкентте көмекке мұқтаж 50 жанұяға азық-түлік таратылды

Шымкентте тұрақты түрде өтетін «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы бастау алды.

Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді.

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын тұрақты түрде ұйымдастыруды қолға алып отыр.

Осы жолы көмекке мұқтаж 50 жанұяға азық-түлік себеттері таратылды. Тұрмыстық көп тұтынатын ұн, қант, май, макарон, қарақұмық, шай, тәттілер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілердің көмегімен киім-кешек берілді.

Айта өтейік, алғашқы «Жанға жылу» қайырымдылық акциясына атсалысқандар қатарында кәсіпкерлер, ерікті жастар, қалалық жастар мәслихатының мүшелері мен танымал өнер жұлдыздары бар. Атап айтқанда, Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Ж.Қалтаев, Жастар ресурстық орталығының басшысы Б.Молдабеков, «Bal Tekstil» кілем фабрикасының құрлтайшысы Бағдат Талғатұлы, Х-фактор ән байқауының жеңімпазы Астана Қарғабай, әнші, актер Бағлан Жолдасов, вайнер, жастар мәслиxатының депупат Зарина Нұржанова, Жастар мәслиxатының депутаты Ақтолқын Бұxарбай, «The voice Kz» ән байқауының финалисті Жұлдыз Намаз  және «Sulu models» модельдік агенттігі өкілдері мен ерікті жастар атсалысты.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай жаңғырту қажет екенін мәлімдеген еді.

Ақпарат көзі: Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы