427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Байбек Атырау облысы тұрғындарын мазалаған мәселелерге құлақ түрді

  • 1056
  • UPD: 22:38, 29.01.2020

Алыс ауылдардағы жол қатынасы, жастар проблемалары мен жергілікті маслихат жұмысын жандандыру – мұның барлығы бүгінде халықтық сипат алып келе жатқан Nur Otan партиясының ұстанып отырған басты бағыттары. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Атырау облысындағы Мақат, Жылыой аудандары тұрғындарымен кездесуде осындай өзекті проблемаларға тоқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақат ауданына қарасты Доссор кенті шойын жолдың екі қапталында орналасқан. Әкімдіктен бастап, мектеп, балабақша кенттің теріскейінде орналасқан да, оңтүстіктігіне 200-ден астам отбасы бар «Ынтымақ» ауылы қоныстанған. Теміржолдан өту жергілікті тұрғындар үшін өзекті мәселе. Олар өздерін мазалаған түйткілді Nur Otan партиясының төрағасы Бауыржан Бәйбекке жеткізді.

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Сіз көпірді қолдайсыз ғой! Көпір керек, иә. Екінші не мәселе? Жалпы байырғы тұрғын ретінде. Жол мәселесі ең бастысы деп жатырсыздар. Осыны қарастырамыз. Біз айттық қой әр ауылда ең кем дегенде 3 нақты мәселені қойып бәріне ақшаны шашпай, нақты мәселелерді шешу керек.

Аудандағы іргелі мекеме – Доссор мұнай-газ өндіру басқармасы. Онда ұйымдастырылған кездесуде мұнайшы әйелдер мен жастарды жергілікті мәслихат пен мемлекеттік қызметке тарту жөнінде бастама көтерілді. 

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Әрбір міслихатта 30 процент әйелдер болуы керек. Әрбір мәслихатта ең кемінде 20 процент жастардан құралуы керек. Біз – Елбасын қолдайтын, тірегі болатын азаматтармыз.

Аумағында «Теңіз» кен алаңы орналасқан Жылыой ауданындағы проблема – жастарды мұнайшы мамандығына баулу. Айтқандай, «Теңіздегі» мұнайшылардың 84 проценті отандық мамандар. Алайда, олардың көпшілігі зейнеткерлік жасқа келіп қалған. Бауыржан Байбекпен болған жүздесуде осы проблема да көтерілді.

Сержан Серікбаев, Жылыой аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы:

– Осы олқылықтың орнын толтырып, ауданымызда жұмыссыз жүрген 18-29 жас аралығындағы жастар сол «Теңіз» кенішінде жұмыспен қамтылса. Және де сол жердегі шетелдік мекемелер тәжірибе алмасу ретінде осы ауданымыздың жастарын шетелге оқыту жөнінде бір мүмкіндік туғызса.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұл мәселе де назардан тыс қалмайтындығын айтты. Партия басшысының Атырау облысына сапары ертең де жалғасады. Жастармен және бюджеттік мекеме қызметкерлерімен кездеседі деп жоспарланған.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев 

 

Хабар 24 телеарнасы