424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ведомствоаралық комиссия Қытайдан тараған кеселден қорғану жолдарын ұсынды

  • 695
  • UPD: 23:59, 29.01.2020

Қазақстан мен Қытай арасындағы жолаушылар тасымалы уақытша шектелді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл – ел аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бағытындағы шаралардың бірі.

Қазақстан мен Қытай арасында ұшақ, теміржол, автобус арқылы қатынауға болады. Бұл екі тараптың мызғымас байланысын аңғартса керек. Өкінішке қарай, дендеген коронавирус дерті аспан асты елінің ғана емес, әлем халқының үрейін алды. Сақтықта қорлық жоқ. Осыған орай ел аумағында коронавирусты таратпау амалы күшейтілді. Үкімет жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады. Оның негізгісі –жолаушылар тасымалын уақытша кідірту.

Самат Ғылымов, ҚР ИИДМ көлік комитетінің төрағасы:

– Алматы-Нұрлы жолы-Үрімжі, Өскемен-Майқапшағай-Үрімші, Жаркент-Қорғас-Құлжа-Аягөз, Бақты-Зимұнай бағыттарына автобус қатынастарына уақытша тоқтату енгізілді. Бұл екі бағыт 14 рейс еді. Соның барлығы күні бүгін тоқтатылды

Оған қоса, 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жүретін барлық жолаушылар пойызының бағдары да тоқтайды. Уақытша әрине. Дәл солай ақпанның үшінде тұрақты әуе қатынасына да шектеу қойылмақ. Ал билетін өткізуге келген азаматтардың ақшасы айыппұлсыз толықтай қайтарылады.

Талғат Ластаев, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

– Қазіргі күні әуе рейстердің саны 23. Нұр-Сұлтан-Алматы-Пекин-Үрімжі-Сьян қалалары арасында орындалған. Жолаушыларға билеттің құны қайтарылады.

Қазақстандықтарды алаңдатқан тағы бір жайт сейілді. Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтары Елордада өтпейтін болды. Бұған дейін Қытайдың Дунгуан қаласында өтуі тиіс спорттық шараны Қазақстан астанасына ауыстыру ұсынысы айтылған. Қабылданбады.

Серік Сәпиев, ҚР МСМ дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы:

– Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен, 4-8 ақпанда өтетін халықаралық лицензиялық турнирі, теннистен болмайтын болды.  Біздің спортшыларымыз басқа жарыстарға қатысады, бірақ Қытайға шықпайды.

Айта кетейін, ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалайды. Қазір ҚХР азаматтарына елге келу визаларын беру тоқтатылды.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы