447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕҮК кеңейтілген отырысында IT тегеурінін арттыру мәселесі талқыланды

  • 161
  • UPD: 21:59, 31.01.2020

Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында Ақпараттық технологиялар тегеурінін арттыру мәелесі жан-жақты талқыланды. 

Отырысқа Армения, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей Федерациясының үкімет басшылары қатысты. Жалпы соңғы жылдары одаққа мүше елдер арасындағы тауар айналымы 32 пайызға артқан. Ұйымдағы интеграцияны ұтымды іске асыру үшін  ортақ нарықты цифрландыру қажет. Сондықтан мемлекеттік сатып  алу саласында элетрондық құжат алмасуды жетілдіру керек деді Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин. Қазіргі уақытта Еуразиялық одаққа мүше елдерде рұқсат етілмеген тауарды пайдалану көрсеткіші  80 пайызды құрайды. Бұл сапалы тауардың келуіне кедергі келтіреді. Жалпы үкімет басшыларының кеңесінде 70 тен астам ұсыныс талқыланды. Нәтижесінде қол жеткен бірқатар келісімшартқа қол қойды. ЕҮАК келесі отырысы Минск қаласында 2020 жылғы 9-10 сәуірде өтеді.

Сергей Румас, Беларусь Республикасының премьер-министрі:

- Еуразиялық Одақтың жұмысында кездесетін кедергілер мен шектеулер бар. Біз бұл кеңесте сондай 71 шектеуді анықтап, соларды болдырмаудың жолдарын қарастырдық. Олар негізінен сауда-саттыққа байланысында  болып тұр. Сонымен қатар көлік-логистикалық тасымалда ортақ тарифтерді қалыптастыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы