476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы және Қарағанды облысында «Zhas Project» корпусын дамыту жобасы жүзеге асады

  • 838
  • UPD: 10:20, 02.02.2020
Алматы және Қарағанды облысында «Zhas Project» корпусын дамыту жобасы жүзеге асады

Алматы мен Қарағанды облысында «Жас Проджект» жастар корпусын дамытуға арналған арнайы жобасы жүзеге асады.

Бизнес идеяларын қолдау мақсатында жеңімпаздарға 1 миллион теңгеге дейін грант беріледі. Биыл барлығы 250 грант бөлінбекші. Ал аталған шара 850-ге жуық адамды қамтиды. Сонымен қатар жастар өз жобалары жүзеге асырылған сәттен бастап ай сайын 40-50 мың теңге көлемінде стипендия алады. Бұл байқаудың ұйымдастырушысы білім және ғылым министрлігі және Дүниежүзілік банк. Ол жыл сайын еліміздің әр өңірінде өткізіліп келеді. Осылайша өткен 3 жылдың ішінде 2700-ге жуық жоба жүзеге асты. Соның басым бөлігі тігін шеберханасы, білім беру орталығы, сән салоны, спорт алаңдары сияқты жобалар. Өтінім 1 ақпаннан қабылдана бастады.

Алена Баянбекова, Үйлестіру агенттігі басшысының орынбасары:

- Бастысы әлеуметтік жоба болуы тиіс. Мәселен, жастар ауылда наубайхана болмаса, сондай кәсіпкерлік нысанын ашуға мүмкіндік алады. Ал бала күтіміндегі аналар мен ісмер әйелдер тігін цехы, сән салоны сияқты түрлі шеберханаларды ашып, өз кәсібін дөңгеленте алады. Бұл жастар үшін өте тиімді жоба деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы