411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қатерлі ісікті анықтауға 570 млн теңге бөлінді

  • 454
  • UPD: 11:33, 05.02.2020
Алматыда қатерлі ісікті анықтауға 570 млн теңге бөлінді

Биыл Алматы билігі қатерлі ісікті анықтауға 570 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бүгінде қатерлі ісікті алғашқы кезеңінде ерте анықтауға мүмкіндік мол. Мамандардың айтуынша, қатерлі ісікті емдеу нәтижесі – оны анықтау мерзіміне байланысты. Ауру қаншалықты ерте анықталса, оны емдеу мүмкіндігі де артады әрі ем-домға кететін шығын да 200 есеге дейін қысқарады. Биыл Алматы қаласы бойынша қатерлі ісікті анықтауға бағытталған тексерулерге 570 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Сүт безі қатерлі ісігін анықтауға 46 млн теңге жұмсалмақ. Скринингтің бұл түрінен 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер жылына екі рет тегін өте алады. Алматыда осы жас аралығындағы әйелдер саны 300 мыңнан асады. Сонымен қатар, жатыр мойны қатерлі ісігін анықтау шараларына 353 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Тегін жасалатын тексерудің бұл түрінен 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер өте алады. Алматыда бұл санатқа кіретін әйелдердің саны 486 мыңға жуықтайды. Ал колоректальді обырға 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де тексерілуі тиіс. Скринингтің бұл түріне 172 млн теңге жұмсалмақ. Скрининг мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде тегін жүргізіледі. Одан өту үшін әр азамат өзі тіркелген емханасына хабарласуы тиіс. Соңғы деректерге сүйенсек, қазір Қазақстанда 180 мыңнан астам адам онкологиялық есепте тұр. Қатерлі ісіктен жыл сайын 14 мыңнан астам адам қайтыс болады.

Хабар 24 телеарнасы