375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер коронавирус шыққан елдерге бармауды ескертеді

  • 164
  • UPD: 21:05, 05.02.2020
Дәрігерлер коронавирус шыққан елдерге бармауды ескертеді

Алматыда коронавирусқа шалдыққан ешкім жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен қалада вирусқа қарсы сақтық шаралары күшейтіліп, арнайы аймақтық штаб құрылды. Оның құрамында білікті дәрігерлер мен 120 эпидемиолог бар. Жалпы вирус өршіген кезден бастап Алматыға халықаралық әуе рейсімен келген 6230 адам тексерілген. Дертке шалдыққан болуы мүмкін деген күдікпен 25 адам қалалық ауруханаларға жатқызылған еді. Осы уақытқа дейін ешкімнен вирус табылған жоқ. Тұмаудан жазылғандары үйлеріне шығарылса, қалған 14 адам ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер санитарлық тазалық шараларын қатаң ұстанып, коронавирус тіркелген елдерге саяхаттап бармауды ескертіп отыр.

Тілеухан Әбілдаев, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Барлықтарының жағдайы бүгінде күн сайын жақсарып келе жатыр. Кейбір емдік шараларды тәмамдағаннан кейін лабораториялық сынамаларын қорытындысы келгеннен кейін бұл кісілер де шығарылатын болады. Бүгінгі таңда бір де бір коронавирустық жұқпа Алматы қаласы бойынша анықталған емес.

Хабар 24 телеарнасы