377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жаяу жүргіншілер жолағына қойылған шамдар жанбай тұр

  • 86
  • UPD: 08:52, 06.02.2020
Оралда жаяу жүргіншілер жолағына қойылған шамдар жанбай тұр

Өткен жылдың соңында жаяу жүргіншілер жолағына қойылған жарық шамдар істемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орал қаласының тұрғындары осыны айтып, арнамызға хабарласқан болатын. Ымырт үйіріле оқиға орнына барған біздің тілшілеріміз шынында да шамдардың сөніп тұрғанын, тас қараңғыда жолдан өтем дегендердің өміріне қауіп төніп тұрғанын анықтады. Күн көзінен қуат алатын жарық-диодты шамдар былтыр төрт көшедегі 15 жаяулар жолағына орнатылған еді. Алайда, арада ай өтпей, жанбай қалған. Шаһар басшылығының айтуынша, бұған қыстың қысқа күні кінәлі екен. Яғни, бұлтты күндері аккумулятор тиісті қуат алмағасын көпке бармай өшіп қалатын көрінеді. Қазір қондырғыны жетілдіру жолдары қарастырылып жатыр.

Мүсілім Жәрдемов, қалалық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі басшысының м.а.:

- Біз былтыр семейлік кәсіпкермен 17 млн теңгеге келісім жасадық. 34 жүргіншілер жолағына күн сәулесінен нәр алатын шамдар орнату жөнінде. Сынақ жүйесінде 15 жерге орнаттық. Алайда, қондырғылар күн бұлтты кезде істемей қалып жатқаны рас. Осыған байланысты оларға хат жолданды. Жарық панельдерін өзгерту жөнінде. Қазір тиісті техникалық шешім табылды. Кемшілік түзетіледі.

Хабар 24 телеарнасы