430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде тұрақтандыру қорындағы көкөніс саудаға шығарыла бастады

  • 528
  • UPD: 13:58, 06.02.2020
Ақтөбеде тұрақтандыру қорындағы көкөніс саудаға шығарыла бастады

Ақтөбеде тұрақтандыру қорында сақталған көкөніс түрлері саудаға шығарыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы коммуналдық базар мен әлеуметтік дүкендерге картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және күнбағыс майы жеткізілді. Ал бағалары ірі сауда орындарымен салыстырғанда 5-10 теңгеге арзан. Мамандардың айтуынша, бұл өнімдер енді сәуір айына дейін сатылымда болады. Өткен күзде тұрақтандыру қорына жергілікті шаруалардан мол өнім жиылған. Әсіресе, картоп пен қырыққабаттың көлемі жылдағыға қарағанда көп. Жалпы қор жасақтау үшін 2018-2021 жылдарға жергілікті бюджет 300 млн теңгеден астам қаржы бөлген.

Ермек Батинов, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма басшысы:

- Сәуір айының соңына дейін бұл өнімдердің барлығы тұрақты түрде әлеуметтік дүкендер мен павильондар арқылы өткізіледі. Қолжетімді бағамен жергілікті халыққа ұсынылады. Мысалы, қазіргі таңда көтерме сауда базарында картоптың бағасы 75 теңге болса, тұрақтандыру қорының картоп өнімі 70 теңгеден сатылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы