447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жол сапасын сараптамадан өткізуге қаржы жетпейді

  • 369
  • UPD: 16:27, 06.02.2020
Жол сапасын сараптамадан өткізуге қаржы жетпейді

Жол сапасын сараптамадан өткізуге жеткілікті қаржы бөлінбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы республикалық маңызы бар жолдарды тексеру барысында 5 мыңнан аса дерек тіркелді. Оған жергілікті әкімдіктердің тас жолдардың сапасын сараптамадан өткізуге қаржыны аз бөлуі себеп. Мәселен, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында бұл мақсатқа бөлінген қаржы 10 млн теңгеге де жетпейді. 3 млн мен 8 млн теңгенің арасында ғана. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» кәсіпорны бас директорының орынбасары Дархан Сақанов хабарлады. Оның айтуынша, сараптама жүргізуге қаржы республикалық бюджеттен бөлінуі тиіс. Яғни автомобиль жолдарына жауапты мекемемен ортақ бір келісім жасалғаны дұрыс. Алайда бүгінгі күнге дейін бұл мәселе шешімін тапқан жоқ.

Дархан Сақанов, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» кәсіпорны бас директорының орынбасары:

- Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірқатар жолда асфальтбетон жамылғысының қалыңдығы мен тығыздығының талапқа сай келмейтіндігі анықталды. Бұдан өзге де өрескел бұзушылықтар табылды. Ұлттық сапа орталығының жүргізген шараларының нәтижесінде 700 млн теңгеден астам сомаға құрылыс жұмыстары қайта жүргізілді. Бірқатар мердігер мекемелер мен жобалаушы техникалық қадағалау қызметіне әкімшілік айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы