375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Волонтер студенттерге шәкіртақыдан бөлек ақша төленеді

  • 167
  • UPD: 22:02, 06.02.2020

20 сағаттық жұмысқа 20 мың, 50 сағатқа 50 мың теңге төленеді. Осылайша волонтер болатын студенттер шәкіртақыдан бөлек қосымша ақшаға ие болады. Ол үшін жастар қандай жұмыс істеуі керек? Кімдерге көмектесуі тиіс? 

Биыл бос уақытта волонтерлікпен айналысатын 40 мыңнан аса студентке шәкіртақыдан тыс қосымша ақша беріледі. Бұдан бөлек академиялық кредиттері өтеледі. 2 нұсқа қарастырылған. Біріншісі екі аптаға шақталатын 20 сағаттық жұмыс. Екіншісі 50 сағаттық ваучер. Бұл кезде студент 1 ай волонтер болып қызмет көрсетуі тиіс. 

Ақжол Құрмансейіт, қаржы орталығы департаменті директорының орынбасары:

- Биылғы жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды Волонтерлар жылы деп жарияланғанына орай бұл тартылатын студенттердің саны біршама артып отыр. Соған сәйкес жоспар бойынша 45 мың волонтерлік қызметпен айналысатын үстемеақы төлеуді жоспарлап отырмыз. 

Үстемеақыны алғандардың бірі Жандос Ақтаев. Университетте оқиды. Волонтер. Волонтер болып 50 сағат қаладағы номері 11-емханада мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдемдескен. Балаларға психологиялық көмек көрсеткен. 

Жандос Ақтаев, студент:

- Негізі 50 сағаттық волонтерлік көмек бір айдың ішінде тез өтеді деп ойлаймын. Оған қоса волонтерларға сол 50 сағаттық жұмыс үшін 50 мың теңге беріледі. Және оны санамағанда 5 кредит төленеді. Яғни оқу кредиттері саналады. Соның барлығы волонтерлерге үлкен ынта деп санаймын.  

Сонымен волонтер қандай қызметтер үшін қосымша ақыға ие болады? Атап өтейік, инклюзивті білім беру, девиантты мінез-құлыққа ие азаматтармен жұмыс істеу, аула клубтарын құру, қарияларға көмектесу және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жәрдемдесу жағдайында. 

Студенттерге ақы төленеді. Алдағы уақытта бұл тізімге экологиялық волонтер, төтенше жағдайда көмек көрсету, жануарларды қорғау бағыттары енгізілмек. Ал волонтер болып қызмет көрсету үшін жастар Қазволонтер.КЗ платформасына кіріп, тіркелуі шарт. Атап өтейік, бұл әзірге жоғары оқу орындарының студенттеріне ғана жасалған мүмкіндік. Алдағы уақытта колледждерде оқитындарды да қамту жоспарда бар.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы