375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуға 700 млн теңге бағытталады

  • 118
  • UPD: 08:31, 09.02.2020
Павлодарда елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуға 700 млн теңге бағытталады

Биыл Павлодар облысында ауылдық аймақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Өңірде, әсіресе, ауыз су мәселесі өткір тұр. Халық алдындағы есептік кездесуінде Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов 2019 жылы Қарасор, Құлакөл және Бәйет ауылдарына су құбырлары тартылып, сапалы ауыз су жеткенін атап өтті. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын тауып, елді мекендерді сумен қамтитын 700 миллион теңгенің құрылысы басталмақ. Ал 2023 жылы Екібастұз аумағын 100 пайыз ауыз сумен қамту көзделген. Сонымен қатар  Павлодардың іргесінде тұрған ауылдардың да инфрақұрылымы жақсарады. Бұл туралы шаһар басшысы Қайрат Нүкеновтың есебінде айтылды. Қала маңындағы  ауыл шаруашылық құрылымдары 12 миллард теңгеден астам қаржының өнімін шығарған. Өткен жылғы көрсеткіштерден  30 процентке көп. Биыл облыс орталығына тиіп тұрған Жетекші ауылына асфальт жол салынып,  шағын мектепке жапсарлас оқу ғимараты бой көтереді. Ауыз су мәселесі де оң шешімін табады.  

Айнагүл Олжабайқызы, Жетекші ауылының тұрғыны:

– Былтыр өзекті мәселелер өте көп көтерілді. Соның көбі шешімін тапты. Соның бірі мына су құбыры туралы сұрақтар көп болған болатын. Біздің ауылымызда су құбыры жаңадан салынған үйлер жақта жоқ. Биыл ауылда көптеген аулалардың бәрінде, көшелердің бәрінде су құбыры орнатылатын болды.

Хабар 24 телеарнасы