418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы қақтығыс кезінде жарақат алған 41 адам ауруханада жатыр

  • 552
  • UPD: 22:52, 11.02.2020

Қордайдағы кикілжің кезінде жарақат алған 41 адам қазір ауруханаларда жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 29-ы Алматыда, 11-і Қордай ауданында, біреуі Таразда емделуде. Қордайдағы бір науқас ертең санитарлық авиациямен Алматыға жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Нәдіров айтты. Бес науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Нұр-Сұлтаннан білікті нейрохирург Серік Ақшолақов пен травматолог Мейрам Баубеков те көмекке барды. Ауруханаға түскендердің ең жасы 17-де болса, үлкені 77-де екен.

Тілеухан Әбілдаев, қалалық қоғамдық денсауллық басқармасы басшысының м.а:

– Пациенттердің бәріне де емдеу, диагностика стандарттарына байланысты толыққанды тегін медициналық кепілді көмек көрсетіліп жатыр. Барлық жағдай тікелей денсаулық сақтау саласының қадағалауында.

Хабар 24 телеарнасы